Оқушылар редакцияға келді

Ақтөбе қаласындағы №33 қазақ орта мектебінің оқушылары «Ақтөбе Медиа» ЖШС-на келіп, өңірдегі журналистиканың қара шаңырағы «Ақтөбе» мен «Актюбинский вестник» газеттерінің тарихымен кеңінен танысты. Алдымен оқушылар редакциядағы музей залын аралады. Ондағы 1939-1940 жылдардағы облыстық газеттердің тігінділерін, журналистер қолданған ескі фотоапараттар мен машинкаларды, баспасөз ісіне қатысты басқа да құралдарды көрді. Содан кейін ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының … Әрі қарай оқу Оқушылар редакцияға келді